Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы 2022 жылғы Ұлттық баяндама жарияланды

11 желтоқсан 2023 

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет ресурсында http://ecogeo.gov.kz/ru және Бірыңғай экологиялық Интернет ресурста http://ecogosfond.kz 2022 жылға арналған Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) қазақ және орыс тілдеріндегі электронды нұсқасы жарияланды.

Ұлттық баяндаманы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 23-бабының негізінде өңірлердегі және тұтастай елдегі нақты экологиялық жағдай және оны жақсарту бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету мақсатында дайындалды.

Ұлттық баяндамада ұсынылған ақпарат Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары ұсынған ресми материалдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректеріне негізделеді.

Ұлттық баяндама үшін материалдарды жүйелеу мен өңдеуді ҚР ЭТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК орындады.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарға, «Қазгидромет» РМК-ға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына Ұлттық баяндамамен жұмыс істеу процесінде ұсынылған материалдар мен консультациялар үшін алғысын білдіреді және одан әрі нәтижелі серіктестікке үміттенеді.

Ұлттық баяндаманың қағаз нұсқасымен Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорынан танысуға болады.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

 

 

Опубликован Национальной доклад о состоянии окружающей среды и об использовании природных ресурсов Республики Казахстан за 2022 год

11 декабря 2023

На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан http://ecogeo.gov.kz/ru и Едином экологическом Интернет-ресурсе http://ecogosfond.kz опубликована электронная версия Национального доклада о состоянии окружающей среды и об использовании природных ресурсов Республики Казахстан за 2022 год (далее – Национальный доклад) на казахском и русском языках.

Национальный доклад подготовлен Министерством экологии и природных ресурсов РК на основании статьи 23 Экологического кодекса Республики Казахстан с целью информирования населения о фактической экологической обстановке в регионах и стране в целом и мерах, принимаемых по ее улучшению.

Представленная в Национальном докладе информация основывается на официальных материалах, предоставленных государственными и местными исполнительными, органами Республики Казахстан, а также данных Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.

Систематизация и обработка материалов для Национального доклада выполнены РГП на ПХВ «Информационно-аналитический центр охраны окружающей среды» МЭПР РК.

Министерство экологии и природных ресурсов РК выражает признательность центральным государственным и местным исполнительным органам, международным и неправительственным организациям, РГП «Казгидромет», а также Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан за предоставленные материалы и консультации в процессе работы над Национальным докладом и надеется на дальнейшее плодотворное сотрудничество.

С бумажной версией Национального доклада можно ознакомиться в Государственном фонде экологической информации.

Пресс-служба Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан