Қазақстанда мектептердің санитариялық тораптарына қойылатын талаптарды бекітті

16 қараша 2023

Қазақстан Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2023 жылғы 14 қарашадағы бұйрығымен ҚР СТ «Жалпы білім беретін мектептердің санитариялық тораптары. Жалпы талаптар және қауіпсіздік талаптары» ұлттық стандарты бекітілді.

ҚазСтандарт Оқу-ағарту министрлігінің сұранысы бойынша алғаш рет бекітілген және өзіне озық қазіргі заманғы талаптарды қамтитын стандартты әзірледі.

Стандарттың маңызды элементтері персоналға арналған міндетті жеке сани-тариялық үй-жайлар, оқу мекемесінің әр қабатында ұлдар мен қыздарға арналған дәретханалардың, сондай-ақ қыздарға арналған жеке гигиена кабинасының болуы болып табылады, бұл оқушылардың қауіпсіздік деңгейін жақсартады.

Сонымен қатар, стандарт аяқ басқышын немесе ашудың сенсорлық бергішін пайдалану арқылы қоқысқа арналған кқол тигізбей ашылатын жәшіктерді қоса алғанда, инфекциялық аурулардың қаупін азайту үшін жаңа шараларды енгізеді.

«Бұл оқушылар санына және кабиналарға, сабын мөлшерлегіштерге, қоқыс жәшіктеріне, электр кептіргіштерге, жарықтандыруға, едендерге, қабырғаларға, есіктерге, сумен жабдықтауға, желдетуге қойылатын талаптарға байланысты санитариялық тораптардың алаңы мен нормативтері, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға арналған арнайы инклюзивті талаптар», - деп атап өтті Техникалық реттеу және метрология комитетінің Төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Стандарт 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ерікті қолдану құжаты ретінде қолданысқа енгізіледі. Міндеттілікті белгілеу үшін оған нормативтік құқықтық актілерге сілтеме белгілеу жоспарлануда.

ҚР СИМ баспасөз қызметі

 

В Казахстане утвердили требования к санитарным узлам школ

16 ноября 2023

Приказом Комитета технического регулирования и метрологии Минторговли Казахстана от 14 ноября 2023 года утвержден национальный стандарт СТ РК «Санитарные узлы общеобразовательных школ. Общие требования и требования безопасности».

КазСтандарт разработал стандарт по запросу Министерства просвещения, который впервые утвержден и включает в себя передовые современные требования.

Важными элементами стандарта являются обязательные отдельные санитарные помещения для персонала, наличие туалетов для мальчиков и девочек на каждом этаже учебного заведения, а также кабины личной гигиены для девочек, что улучшит уровень безопасности обучающихся.

Дополнительно, стандарт внедряет новые меры для снижения риска инфекционных заболеваний, включая бесконтактные урны для мусора с использованием ножной педали или сенсорного датчика открытия.

«Это и площадь, и нормативы санитарных узлов в зависимости от количества учащихся и требования к кабинкам, дозаторам мыла, урнам, электросушилкам, освещению, полам, стенам, дверям, водоснабжению, вентиляции, а также специальные инклюзивные требования для учащихся с особыми потребностями», - отметил Председатель Комитета технического регулирования и метрологии Куаныш Еликбаев.

Стандарт вводится в действие с 1 января 2024 года как документ добровольного применения. Для установления обязательности планируется установление на него ссылки в нормативных правовых актах.

Пресс-служба МТИ РК