ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Сауд Арабиясындағы «дөңгелек үстелге» қатысты

9 қаңтар 2024  

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен «The Future Mineral Forum» министрлерінің «Дөңгелек үстеліне» қатысты. Іс-шара әлемнің түкпір-түкпірінен 80-нен астам жоғары деңгейлі министрлердің басын қосты. Аталмыш шара тау-кен өндірісінің қазіргі тенденцияларын ғана емес, сонымен қатар әлемдік қауымдастық эволюциясында шешуші рөл атқаратын перспективаларды талқылау алаңына айналды. Тәжірибе мен көзқарас алмасудың бірегей мүмкіндігі энергетикалық және экономикалық секторларды табысты дамыту үшін жаһандық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, жер қойнауын пайдалануды дамыту саласында жаңа көкжиектер ашады.

Әлемдік қауымдастық Қазақстанды жа-һандық нарықта маңызды минералдармен қамтамасыз етуді ұсынатын стратегиялық маңызды өңір ретінде қабылдайды.

Алюминий, мыс, хром, фосфор және титанды қоса алғанда, елдің экспорттық өнімдері әлемдік нарықта маңызды орын алады. Еуропалық Одақ бөлген сыни шикізат минералдарының 34 түрінің 19-ы Қазақстанда өндіріледі, ал қалған 14 түрі бойынша шикізат базасы қалыптасқан.

Никель, кобальт, марганец және литий сияқты аккумуляторлық материалдар кластерін дамытуға ерекше назар аударылады. Бұл Қазақстан әлемдік қоғамдастық үшін сыни металдардың жетекші жеткізушісі болуға ұмтылатын «жасыл энергетикалық ауысудың» жаһандық трендтеріне сәйкес келеді.

Қазақстан өзінің белсенді декарбонизация саясаты шеңберінде көмірқышқыл газы шығарындыларын азайтуға және энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру үшін инновациялық технологияларды енгізуге назар аударады.

Біздің ел геологиялық зерттеулерді қаржы-ландыратын инвесторларды жер қойнауын пайдалануға басым құқық бере отырып және жеңілдетілген рәсімдерді, жобаларды іске асырудың қысқартылған мерзімдерін қамтамасыз ете отырып шақырады. ESG қағидаттарына сәйкес өндірістік қуаттардың технологиялық және экологиялық тиімділігін арттырудың ма-ңыздылығына ерекше назар аударылады.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

 

Министр промышленности и строительства РК принял участие в «круглом столе» в Саудовской Аравии

9 января 2024

Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Канат Шарлапаев принял участие в «круглом столе» министров «The Future Mineral Forum» в Эр-Рияде, Саудовская Аравия. Событие собрало более 80 высокопоставленных министров со всего мира, создавая платформу для обсуждения не только текущих тенденций в добыче полезных ископаемых, но и перспектив, играющих ключевую роль в эволюции мирового сообщества. Уникальная возможность обмена опытом и видениями открывает новые горизонты в сфере развития недропользования, подчеркивая важность глобального сотрудничества для успешного развития энергетического и экономического секторов.

Казахстан воспринимается мировым сообществом как стратегически важный регион, предоставляющий критические минералы на глобальном рынке.

Экспортные продукты страны, включая алюминий, медь, хром, фосфор и титан, занимают ключевое место на мировом рынке. Из 34 видов критических сырьевых минералов, выделенных Европейским Союзом, 19 производится в Казахстане, а по остальным 14 видам имеется сырьевая база.

Особый акцент сделан на развитии кластера по производству батарейных материалов, включая никель, кобальт, марганец и литий. Это соответствует глобальным трендам «зеленого энергетического перехода», где Казахстан стремится стать ведущим поставщиком критических металлов для мирового сообщества.

В рамках своей активной политики декарбонизации, Казахстан сосредотачивается на сокращении выбросов углекислого газа и внедрении инновационных технологий для повышения энергосбережения и энергоэффективности.

Наша страна приглашает инвесторов, финансирующих геологические исследования, предоставляя им приоритетное право на недропользование и обеспечивая упрощенные процедуры, сокращенные сроки реализации проектов. Особый акцент делается на важности повышения технологической и экологической эффективности производственных мощностей в соответствии с принципами ESG.

Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК