Су басқан өңірлерде жаңа тұрғын үй салуға 8 097 жер учаскесі дайын

2 мамыр 2024 

Бүгінгі таңда 5 өңірде 34 мердігер компания 398 үй салуға кірісті.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми өкілі Меруерт Ибраева мәлімдеді.

Жергілікті атқарушы органдардың жедел ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда 5 678 тұрғын үй су астында қалып отыр, оның ішінде 5 607-сы жеке тұрғын үйлер және 71-і көп пәтерлі тұрғын үйлер, сондай-ақ 17 907-і саяжай үйлері.

Бүгінгі таңда су тасқынынан зардап шеккен 11 865 тұрғын үй бар, оның ішінде жеке тұрғын үй – 11 794 және көпқабатты тұрғын үй – 71, сондай-ақ 24 368 саяжай объектілері.

Бұл ретте 2 947 тұрғын үй нысаны бойынша техникалық тексеру жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша, 1553-і қайта салуды қажет етеді, ал 1394 үй жөндеуді қажет етеді.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдардың алдын ала деректері бойынша 8 097 дайын жер учаскесі бар.

Өңірлік бөліністегі жағдай осындай: Ақмола облысында – 335 жер учаскесі; Атырау облысында – 3 465 жер учаскесі; Ақтөбе облысында – 409 жер учаскесі; Қостанай облысында - 2 189 жер учаскесі; БҚО - 188 жер учаскесі; СҚО - 1 500 жер учаскесі; Қарағанды облысында - 6 жер учаскесі; Павлодар облысында – 5 жер учаскесі.

Сондай-ақ М. Ибраева Қалпына келтірудің үш механизмі бар екенін еске салды. Атап айтса, жаңа тұрғын үй құрылысы, қолданыстағы тұрғын үйді жөндеу және нарықта дайын тұрғын үйді сатып алу.

Барлық өтініштер eGov порталы арқылы, оның ішінде eGov-mobile мобильді қосымшасы арқылы қабылданады. Келесі кезекте әкімдіктер техникалық байқау және залалды бағалау жұмыстарын ұйымдастырады, содан кейін объектілер жергілікті атқарушы органның өңірлік комиссиясының қарауына беріледі.

Әкімдік комиссиясы әрбір нысан бойынша шешім қабылдайды, одан кейін барлық объектілер пайдалануға, бақылауға алынып, мониторинг жүйесіне енгізіледі. Жер учаскесі берілген сәттен бастап тұрғын үй пайдалануға берілгенге дейін әрбір нысан бойынша мониторинг жүргізіледі.

5 өңірде (Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Павлодар, СҚО) 34 мердігер компания 398 үй салуға кірісті. Сонымен қатар, Қостанай облысында әкімдік 31 пәтер сатып алып, зардап шеккен отбасыларға берді.

Анықтама:

- Ақтөбе облысында – 11 мердігер компания Қобда ауданында 89 үйдің құрылысын бастады;

- Батыс Қазақстан облысында – 12 мердігер компания Қаратөбе, Сырым және Теректі аудандарында 203 үй салуды бастады;

- Қарағанды облысында – 1 үйдің құрылысы басталды;

- Павлодар облысында – 5 үйдің құрылысы басталды;

- Солтүстік Қазақстан облысында – 10 мердігер компания 100 үйдің құрылысын бастады.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің әкімдіктері тұрғын үйлерді қалпына келтіру үшін мердігерлерді қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

 

В регионах 8 097 земельных участков готовы для строительства жилья взамен подтопленного

2 мая 2024

34 подрядные компании уже приступили к строительству 398 домов в 5 регионах

Об этом сегодня в ходе брифинга на пощадке Службы центральных коммуникаций сообщила официальный представитель Министерства промышленности и строительства РК Меруерт Ибраева.

По оперативной информации местных исполнительных органов на сегодняшний день подтопленными остаются 5 678 жилых домов, из которых ИЖС – 5 607 и многоквартирные жилые дома (МЖК) – 71, а также 17 907 дачных объектов.

На сегодня насчитывается в общей сложности 11 865 жилых домов, пострадавших от паводков, из них ИЖС – 11 794 и МЖК – 71, а также 24 368 дачных объектов.

При этом техническое обследование проведено по

2 947 жилым объектам. По его результатам предстоит заново построить – 1 553 из них, а в ремонте нуждается – 1 786 домов, где уже проведено техобследование.

Кроме того, по предварительным данным местных исполнительных органов имеются 8 097 готовых земельных участков.

В разрезе областей приведены следующие данные: Акмолинская – 335 зем. Участков, Атырауская – 3 465 зем. участков, Актюбинская – 409 зем. участка, Костанайская – 2 189 зем. участков; ЗКО – 188 зем. участков; СКО – 1 500 зем. участков; Карагандинская – 6 зем. участков; Павлодарская – 5 зем. участков;

Также М. Ибраева напомнила о том, что для пострадавших существуют следующие механизмы восстановления жилья:

- строительство нового жилья;

- ремонт действующего жилья;

- выкуп готового жилья на вторичном рынке.

Все заявление принимаются через портал eGov, в том числе мобильное приложение eGov-mobile. Далее акиматы организуют работу по техническому обследованию и оценке ущерба, затем объекты выносится на региональную Комиссию местного исполнительного органа.

Комиссия акимата принимает решение по каждому обьекту, после чего все объекты берутся в работу, ставятся на контроль, вносятся в систему мониторинга. Мониторинг ведется по каждому объекту, начиная с момента выделения земельного участка до момента ввода в эксплуатацию жилья.

Также отмечено, что 34 подрядные компании приступили к строительству 398 домов в 5 регионах - Актюбинская, Карагандинская, Павлодарская области, ЗКО и СКО). Кроме того, в Костанайской области акимат выкупил 31 квартиру, ключи от которых переданы пострадавшим семьям.

Справочно:

- В Актюбинской области – 11 подрядных организаций приступили к строительству 89 домов в Кобдинском районе;

- В Западно-Казахстанской области - 12 подрядных компаний приступили к строительству 203 домов в Каратобинском, Сырымском и Теректинском районах;

- Начато строительство 1 дома в Карагандинской области;

- Начато строительство 5 домов в Павлодарской области;

- 10 подрядных компаний приступили к строительству 100 домов в Северо-Казахстанской области.

Акиматами пострадавших от паводков регионов продолжается работа по закреплению подрядных организаций для восстановления жилья.

Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК