Астанада 1 трлн теңгеге 200-ге жуық жоба іске асырылуда – ӘКК

21 маусым 2024

«ASTANA» ӘКК» АҚ шағын және орта бизнесті дамыту департаментінің директоры Дмитрий Авакянц ӨКҚ брифингінде биыл елордада қандай жобалар жүзеге асырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Оның айтуынша, ӘКК биыл инвестициялардың жалпы сомасы 1 трлн теңге болатын 200-ге жуық жобаны іске асыруда. Жобаларға тұрғын үй, спорттық, білім беру, медициналық нысандар, сондай-ақ өндірістік, сауда, әкімшілік ғимараттар салу кіреді.

«ӘКК шағын және орта бизнесті дамытуға нақты көмек ретінде жоба құнының 70% мөлшерінде өнеркәсіпті дамыту қорын қоса қаржыландыруды тарта отырып, шағын өнеркәсіптік аймақтарды салу жөніндегі жоба іске асырылуда. Бірлесіп қаржыландырудың жалпы сомасы 3,5 млрд теңгені құрайды. Осы бағдарлама бойынша салынған жеңілдікті жалдау ақысы бойынша өндірістік алаңдар шағын және орта бизнес субъектілеріне берілетін болады», - деді Дмитрий Авакянц.

Сондай-ақ ӘКК Астана қаласының апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерін жаңғырту бағдарламасына қатысады. Осы бағдарлама шеңберінде ӘКК бұзылатын тұрғын үйлердің орнына тұрғындарға қолда бар пәтерлерді ұсынады.

«Бұзылатын үйлердің орнында жаңа көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы салынады деп болжануда, ал егер қолданыстағы құрылыстың тығыздығы мүмкіндік бермесе, онда сауда немесе бизнес орталықтары салынады. Бұл бағдарламаны іске асыру елорданың келбетін өзгертуге, ескі құрылыстардан арылуға, азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, қаланың ескі аудандарын жандандыруға көмектеседі», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар ӘКК жеке инвесторлармен бірлесіп елордада электромобильдер үшін инфрақұрылымды дамыту бойынша жобаларды іске асыруда.

«2024 жыл ішінде елордада 80-нен астам электр зарядтау станциясын орналастыруда 4 инвестордан ұсыныс түсті. Электрмен зарядтау станцияларын қызмет көрсету нысандарымен, соның ішінде қоғамдық тамақтану нысандарымен, вендингтік аппараттармен, күту аймақтарымен, санитарлық үй-жайлармен және басқа да ілеспе сервистермен қаланың ең көп баратын жерлеріне орнату жоспарлануда», - деп толықтырды Авакянц.

Барлық жобалар заманауи жабдықтарды, соның ішінде отандық өндірушілер шығарған, электромобильдерді жылдам зарядтауды, мобильді қосымшалар арқылы тұтынушыларға байланыссыз қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін, халық жиі қолданатын төлем әдістерін қолдана отырып орналастыруды ұсынады.

Астана қаласының әкімдігі баспасөз орталығы

 

Порядка 200 проектов на 1 трлн тенге реализуют в Астане – СПК

21 июня 2024

Директор департамента развития малого и среднего бизнеса АО "СПК "ASTANA" Дмитрий Авакянц на брифинге в РСК рассказал, какие проекты реализуют в столице в этом году, передает официальный сайт акимата Астаны.

По его словам, СПК в этом году реализует порядка 200 проектов на общую сумму инвестиций 1 трлн. тенге. Проекты включают в себя строительство жилья, спортивных, образовательных, медицинских объектов, а также производственных, торговых, административных зданий.

«В качестве реальной помощи развитию малого и среднего бизнеса СПК реализуется проект по строительству малых промышленных зон, с привлечением софинансирования Фонда развития промышленности в размере 70% от стоимости проекта. Общая сумма софинасирования составляет 3,5 млрд. тенге. Построенные по данной Программе производственные площади по льготной арендной плате будут предоставлены субъектам малого и среднего бизнеса», - сообщил Дмитрий Авакянц.

Также СПК участвует Программе реновации аварийных и модернизации жилых домов города Астаны. В рамках данной программы СПК предоставляет имеющиеся квартиры жителям взамен жилья в сносимых домах.

«На месте сносимых домов предполагается строительства новых многоквартирных жилых домов, а если плотность существующей застройки не позволяет, то торговые или бизнес центры. Реализация данной программы поможет преобразить облик столицы, избавиться от ветхой застройки, улучшить жилищные условия граждан, оживить старые районы города», - отметили в СПК.

Кроме прочего, СПК совместно с частными инвесторами реализует проекты по развитию инфраструктуры для электромобилей в столице.

«В течение 2024 года поступили предложения от 4 инвесторов на размещении в столице более 80 электрозарядных станций. Электрозарядные станции планируется устанавливать в наиболее посещаемых местах города, с объектами обслуживания, в том числе объектами общепита, вендинговыми аппаратами, зонами ожидания, санитарными помещениями и другим сопутствующим сервисом», - добавил Авакянц.

Все проекты предлагают разместить современное оборудование, в том числе произведенного отечественными производителями, обеспечивающего быструю зарядку электромобилей, бесконтакное обслуживание клиентов через мобильные приложения, с использованием наиболее часто используемых населением способов оплаты.

Пресс-служба акимата города Астаны