2024 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысы мен реконструкциясына 218 млрд теңге көзделген
11 маусым 2024
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі ҚР Үкіметінің отырысында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысы мен реконструкциясы туралы айтты.
2023 жылдың қорытындысы бойынша халықты сумен қамтамасыз ету қалаларда 98,9%-ды, ал ауылдарда 96,6%-ды құрады. 9 өңірде қала тұрғындары сумен 100% қамтылған. Маңғыстау облысында ауыл тұрғандары толықтай болса, Атырау және Алматы облыстарында халықтың 99%-ы.
Биылғы жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысы мен реконструкциясына республикалық бюджеттен 324 жобаны іске асыруға 218 млрд теңге көзделген. Оның 106 млрд теңгесі қалаларға және 112 млрд теңгесі ауылдарға бағытталады.
«Бұл жобаларды іске асыру есебінен 2024 жылдың аяғына дейін қала тұрғындарының 99,5%-ын және ауыл тұрғындарының 97,8%-ын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда», – деп атап өтті Қанат Шарлапаев.
Министр еліміздегі 89 қаланың 65 толықтай сумен қамтылғанын да айтты. Биылғы жылдың соңына дейін Шымкент, Державинск, Шемонаиха, Екібастұз және Шардара қалалары толықтай сумен қамтамасыз етіледі. Ал 2025 жылы 19 қаланыңтұрғындарын 100%-ға қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Осындай көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қалалардағы су желілерінің құрылысы бойынша 83 жобаны іске асыру міндеті тұр. 27 жобаны ағымдағы жылдың соңына дейін, ал 28 жобаны 2025 жылы аяқтау жоспарланған.
Ағымдағы деректер бойынша 6 256 ауылдың 5 130-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қалған 1126 ауылды 2025 жылдың соңына дейін қамтуқажет. Оның ішінде, 316 ауыл орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі
218 млрд тенге предусмотрено на строительство и реконструкцию систем водоснабжения в 2024 году
11 июня 2024
Министр промышленности и строительства РК Канат Шарлапаев во время заседания Правительства РК рассказал о строительстве и реконструкции систем водоснабжения.
По итогам 2023 года водоснабжение населения составило 98,9% в городах, и 96,6% в аулах.Жители 9 регионов обеспечены водой на 100%. Если аулы Мангыстауской области обеспечены водой полностью, в Атырауской и Алматинской областях – 99% населения.
В этом году на реализацию 324 проектов из республиканского бюджета по строительству и реконструкции систем водоснабжения и водоотведения предусмотрено 218 млрд тенге. Из них 106 млрд тенге будут направлены в города и 112 млрд тенге в аулы.
«К концу 2024 года планируется обеспечить питьевой водой 99,5% населения города и 97,8% процентов сельского населения за счет реализацииэтих проектов», – подчеркнул Канат Шарлапаев.
Министр отметил, что 65 из 89 городов республики полностью обеспечены водой. До конца текущего года города Шымкент, Державинск, Шемонаиха, Экибастуз и Шардара будут полностью обеспечены водой. А в 2025 году планируется обеспечить 100% населения 19 городов.
Для достижения таких результатов поставлена задача по реализации 83 проектов по строительству сетей водоснабжения в городах. 27 проектов планируется завершить до конца текущего года, 28 – в 2025 г.
По текущим данным, 5 130 аулов из 6 256 обеспечены питьевой водой.
Остальные 1 126 аулов необходимо охватить до конца 2025 года. Из них 316 аулов будутобеспечены централизованно распределенной водой.
Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК