Жәннат Дүбірова ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығы туралы: жұмысты үйлестіру және мониторингілеу
26 шілде 2024
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының қызметі туралы брифингте сөз сөйлеген кезінде айтты.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығы ағымдағы жылдың мамыр айының басында құрылған. Бұл төтенше жағдайларда жедел мәселелерді шешуге арналған құрал.a
«Біз Министрлікте өңірлердегі су тасқыны-нан кейін тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын бақылау және үйлестіру үшін Ахуалдық орталық құрдық. Біз Еңбек министрлігі және Цифрландыру министрлігімен бірлесе отырып, келтірілген залал туралы шағымдарды қабылдау жүйесін әзірлеп, енгіздік», – деді Жәннат Дүбірова.
Орталық өңірлермен әрбір залал жөнінде арыздың барлық өмірлік циклі бойынша қабылдау және жүйеге тіркеуден бастап, зардап шеккендерге тұрғын үйді қалпына келтіру шараларын анықтау үшін техникалық сараптамадан бастап, шешім қабылдау үшін өңірлік комиссияның мониторингіне дейін жұмыс істейді.
Бүгінде Ахуалдық орталық қалпына келтіру жұмыстарының барысын күнделікті қадағалап отырады. Осылайша, құрылыс жұмыстарының дайындықтан бастап пайдалануға дейінгі 11 кезеңі тексеріледі. Соның нәтижесінде бүгінгі күні әрбір тұрғын үйді қалпына келтіру жобасы бойынша нақты мәртебе белгіленді, мерзімдер, сондай-ақ Министрлік жедел түрде шешетін өңірлердің проблемалық мәселелері.
Вице-министр орталық Министрлік қыз-метінің басқа салаларында да жұмысын жалғастыратынын атап өтті. Қазіргі уақытта үлестік нысандар құрылысына мониторинг жүргізу жұмыстары жүргізілуде.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі
Жаннат Дубирова о Ситуационном центре МПС РК: координация и мониторинг работ
26 июля 2024
Вице-министр промышленности и строительства РК Жаннат Дубирова рассказала о деятельности Ситуационного центра МПС РК в ходе выступления на брифинге.
Ситуационный центр Министерства промышленности и строительства запущен в начале мая текущего года. Это инструмент для решения оперативных задач в условиях Чрезвычайных ситуаций.
«Мы создали Ситуационный центр в Министерстве для мониторинга и координации работ по восстановлению жилья после паводков в регионах. Совместно с Министерством труда и Министерством цифровизации мы разработали и внедрили систему приема заявлений на ущерб», – подчеркнула Жаннат Дубирова.
Центр работает с регионами на протяжении всего жизненного цикла каждого заявления на ущерб – начиная с приема и регистрации в системе, технического обследования для определения меры восстановления жилья пострадавшим, заканчивая мониторингом комиссии региона для принятия решения.
На сегодняшний день Ситуационный центр на ежедневной основе наблюдает за ходом восстановительных работ. Таким образом, проверяются 11 этапов строительных работ от подготовки до акта эксплуатации. Вследствие чего сегодня определен четкий статус по каждому объекту восстановления жилья, срокам, а также проблемным вопросам регионов, которые Министерство решает в оперативно порядке.
Вице-министр отметила, что центр продолжит работу по другим секторам деятельности Министерства. На данный момент проводится работа над выстраиванием мониторинга строительства долевых объектов.
Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК