Отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімі: бұл не және ол қазақстандық кәсіпорындарға қалай көмектеседі

28 тамыз 2024

Қазақстанда экономиканы дамыту және отандық кәсіпорындарды қолдау бойынша белгілі шаралар қабылдануда. Отандық тауар өндірушілер өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру және өндіріс жағдайларын бі-рыңғайлау мақсатында Отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бірінші кезекте тізілімде Қазақстанда өндірілген тауарлар мен оларды өндірушілер, ұсынылатын қызмет түрлері, жұмысшылар саны мен өндіріс көлемі туралы ақпарат болады.

ОӨБТ отандық өндірушілерді барлық реттелетін сатып алуларға жіберу құралына, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шараларын қамтамасыз ету амалына айналады. Өндірушілер елдегі өндірісті оқшаулау деңгейін арттыру бойынша өз қызметін жетілдіреді деп күтілуде

Тізілім қолданыстағы «СТ-KZ» үлгідегі сертификаттарды және өнеркәсіптік сертификатты ауыстыру ретінде әзірленіп жатқанын айта кеткен жөн. Бұл бюрократиялық процедураларды айтарлықтай жеңілдетеді, яғни өндіруші мен оның өнімдері туралы барлық қажетті ақпарат онлайн форматта қолжетімді болады.

Қазақстаннан шыққан тауарлардың тізілі-мін құру бойынша өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық акті-леріне тауарлардың шығарылған елін айқын-дау мәселелері бойынша өзгерістер мен толық-тырулар енгізу туралы» Заң жобасына енгізілді.

Тізілімді іске қосу 2025 жылға жоспарланған, бірақ мерзімі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде қаралып жатқан Заңның қабылдануына байланысты.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

 

Единый реестр отечественных производителей: что это и как поможет казахстанским предприятиям

28 августа 2024

В Казахстане для развития экономики и поддержки отечественных предприятий предпринимаются определенные меры. В целях стимулирования конкурентоспособности продукции отечественных товаропроизводителей и унификации условий производства, ведется работа по созданию Единого реестра отечественных производителей.

В первую очередь, реестр будет содержать информацию о производимых в Казахстане товарах и их производителях, видах предоставляемой деятельности, количестве работников и объемах производства.

ЕРОП станет инструментом для допуска отечественных товаропроизводителей ко всем регулируемым закупкам, а также средством для предоставления финансовых и нефинансовых мер государственной поддержки. От производителей ожидается улучшение деятельности для увеличения уровня локализации производства в стране.

Стоит отметить, что реестр разрабатывается как замена для действующих сертификатов формы «СТ-KZ» и индустриального сертификата. Это значительно упростит бюрократические процедуры, то есть вся необходимая информация о производителе и его продукции будет доступна в онлайн-формате.

Поправки по созданию Реестра товаров казахстанского происхождения включены в проект Закона «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам определения страны происхождения товаров».

Запуск Реестра планируется в 2025 году, но сроки зависят от принятия Закона, который в настоящее время находится на рассмотрении в Мажилисе Парламента Республики Казахстан.

Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК