Құрылысшылар күні: кәсіби мереке қарсаңында үздіктер марапатталды

9 тамыз 2024

n2f

Өнеркәсіп және құрылыс министр-лігінде құрылысшылар күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті. Министр құттықтау сөз сөйлеп, құрылыс саласының өкілдерін құттықтады.

Өз сөзінде Қанат Шарлапаев жаңа тұрғын үйлер, әлеуметтік, өндірістік және көлік инфрақұрылымы нысандарын салып жатқан мамандардың жоғары кәсібилігі мен адал еңбегін атап өтті.

Министр салтанатты түрде мекеменің стратегиялық міндеттерін табысты жүзеге асыруға және қызметінің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуге қосқан үлесі үшін сала ардагерлері мен ерекшеленген қызметкерлерге мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыс етті. Салтанатты шара құрылысқа сүбелі үлес қосып, өз кезегінде Қазақстанның экономикалық өсуі мен тұрақты дамуына көмектескен тұлғаларға алғыс білдіру және құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

«Өткен жылы елімізде 17,5 млн ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, биыл бұл көрсеткіш 18 млн ш.м. жетуі тиіс. Қажырлы еңбек арқасында өткен жартыжылдықта республика бойынша 68 мыңдай тұрғын үй салынды. 2030 жылға қарай 111 млн ш.м. салынатын болады, бұл дегеніміз 1 млн тұрғын үй», – деді Министр.

Кәсіби мереке биыл 68-ші рет тойланып жатыр. Құрылысшылар мерекесін жыл сайын Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Украинада да атап өтеді. Қазақстанда Құрылысшылар күні «ҚР мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы» Үкіметтің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысымен бекітілген.

Қазіргі уақытта бұл салада 648 мыңға жуық адам және 53 мыңнан астам компания жұмыс істейді. Ал 2023 жылы нақты көлем индексі рекордтық 115,1%-ға, барлық құрылыс жұмыстарының жалпы құны 7,6 трлн теңгеге жетті, Бұл құрылыс саласының ел экономикасы үшін маңыздылығын көрсетеді.

Құрметті құрылысшылар кәсіби мерекелерін тойлау үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп Астанада жиналды. Құрылыс саласының 30 үздік қызметкерлері «Құрметті құрылысшы», «Құрметті сәулетші» и «Ерен еңбегі үшін» төсбелгілеріне ие болды.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

 

Лучших работников отрасли наградили накануне Дня строителя

9 августа 2024

В Министерстве промышленности и строительства состоялось торжественное собрание по случаю празднования Дня Строителя. Министр выступил с приветственной речью и поздравил представителей строительной отрасли.

Во время речи Канат Шарлапаев отметил высокий профессионализм, самоотверженный труд специалистов, которые возводят новые жилые дома, объекты социальной, промышленной и транспортной инфраструктуры.

В торжественной обстановке Министр вручил государственные и ведомственные награды ветеранам отрасли и отличившимся сотрудникам за вклад в успешное выполнение стратегических задач Министерства и достижение ключевых показателей эффективности. Церемония была организована с целью выразить благодарность и признание тем, кто вносит значительный вклад в сферу строительства, что в свою очередь способствует экономическому росту и устойчивому развитию Казахстана.

«В прошлом году в стране введено в эксплуатацию 17,5 млн кв.м. жилья, а в этом году этот показатель должен достичь 18 млн кв.м. Благодаря упорному труду за последние шесть месяцев построено около 68 тысяч жилых домов. К 2030 году будет построено 111 млн кв.м., а это порядка 1 млн единиц жилья», – сказал Министр.

Профессиональный праздник в этом году отмечается в 68-й раз. День строителя празднуют ежегодно и в Армении, Беларуси, Кыргызстане, России и Украине. В Казахстане этот праздник утвержден постановлением Правительства «Об утверждении перечня праздничных дат в Республике Казахстан» от 31 октября 2017 года № 689.

В настоящее время в этой сфере работают около 648 тысяч человек и более 53 тысяч компаний. А в 2023 году индекс реального объема достиг рекордных 115,1%, общая стоимость всех строительных работ достигла 7,6 трлн тенге, что свидетельствует о важности строительной отрасли для экономики страны.

Заслуженные строители со всего Казахстана собрались в Астане, чтобы отпраздновать свой профессиональный праздник. 30 лучших сотрудников строительной отрасли получили нагрудные знаки «Құрметті құрылысшы», «Құрметті сәулетші» и «Ерен еңбегі үшін».

Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК