Әкімдікте Астанадағы құрылыс кезіндегі негізгі бұзушылықтар туралы айтылды

8 тамыз 2024

Бүгінгі таңда қаланың Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының базасында салынып жатқан 1 236 нысан тіркелген.Сәулет-құрылыс бақылауы туралы ведомство басшысы Ғани Тәжиев коммуникациялық алаңда өткен брифингте айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биыл сәулет-құрылыс бақылауының қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғаларға қатысты жоспардан тыс 266 тексеру жүргізілді, 134 млн теңге сомасына 434 айыппұл салынды. Бұл ретте бұзушылықтарды жою үшін 177 ұйғарым берілді.

«Заңсыз құрылыс фактілерін болдырмау мақсатында басқарма нысандағы бұзушылықтар жойылғанға дейін ұйғарымдардың талаптарын орындауды және құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұруды міндеттеу үшін талап арыздар беру тәжірибесін жолға қойды. Бүгінгі таңда Астана қаласы Әділет департаментінің сот орындаушыларымен бірлесіп, сот актілерін мәжбүрлеп орындау бойынша жұмыстар үйлестірілді», - деді Ғани Тәжиев.

Негізінен құрылыс кезінде келесі бұзушылықтар анықталады:

- белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамасыз құрылыс;

- жер учаскесіне тиісті меншік құқығынсыз құрылыс;

- құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы уәкілетті мемлекеттік органды хабардар етпей салу.

Бұдан әрі мұндай бұзушылықтарға жол бермеу үшін басқарма «Астана-АЭК» АҚ-мен рұқсат құжаттамасынсыз салынып жатқан нысандарда электр энергиясын өшіру бойынша жұмысты жолға қойды.

Сондай-ақ әлеуметтік желілер мен қоғамдық алаңдар арқылы нысандарды салуға тыйым салынған құрылыс салушылар туралы халықты ақпараттандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар лицензия беру мен сарапшыларды аттестаттауға бақылау күшейтілді.

«Жыл басынан бері лицензия алуға жеке және заңды тұлғалардан 1 762 өтініш, сараптамалық және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 710 өтініш келіп түсті, 515 өтініш бойынша бас тартылды», - деді Ғани Тәжиев.

Ведомство басшысының айтуынша, жалпы елорда бойынша құрылыс ұйымдарының белгіленген талаптарды, оның ішінде сапасы, мерзімі, құны, орындалған жұмыстарды қабылдау және нысандарды пайдалануға беру бойынша талаптарды сақтауының оң динамикасы байқалады.

Астана қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Об основных нарушениях при строительстве в Астане рассказали в акимате

8 августа 2024

На сегодняшний день в базе Управления контроля и качества городской среды города зарегистрировано 1236 строящихся объектов. Подробнее об архитектурно-строительном контроле на брифинге в РСК рассказал глава ведомства Гани Тажиев, передает официальный сайт столичного акимата.

В текущем году по итогам архитектурно-строительного контроля проведено 266 внеплановых проверок в отношении физических и юридических лиц, наложено 434 штрафа на сумму 134 млн. тенге. При этом выдано 177 предписаний для устранения нарушений.

«В целях предотвращения фактов незаконного строительства Управлением налажена практика подачи исковых заявлений, чтобы обязать исполнить требования предписаний и приостановления строительно-монтажных работ до устранения нарушений на объекте. На сегодняшний день скоординирована работа совместно с судебными исполнителями Департамента юстиции города Астаны по принудительному исполнению судебных актов», - сообщил Гани Тажиев.

В основном при строительстве выявляются следующие нарушения:

- строительство без проектно-сметной документации, прошедшей в установленном порядке экспертизу;

- строительство без соответствующего права собственности на земельный участок;

- строительство без уведомления уполномоченного государственного органа о начале строительно-монтажных работ.

Чтобы впредь не допускать такие нарушения, управление наладило работу с АО «Астана-РЭК» по отключению электроэнергии на объектах, строящихся без разрешительной документации.

Также ведется активная работа по информированию населения через соцсети и публичные площадки о застройщиках, которым запрещено строить объекты.

Кроме того, усилен контроль за выдачей лицензий и аттестации экспертов.

«С начала года поступило 1762 заявлений физических и юридических лиц на получение лицензии, по аттестации экспертов, осуществляющих экспертные и инжиниринговые услуги, поступило 710 заявлений, по 515 заявлениям выдан отказ», - говорит Гани Тажиев.

По словам главы ведомства, в целом, по столице наблюдается положительная динамика соблюдения строительными организациями установленных требований, в том числе по качеству, срокам, стоимости, приемку выполненных работ и сдачу объектов в эксплуатацию.

Пресс-служба Акимата города Астаны