Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті

10 қаңтар 2025 

2025 жылдың 10 қаңтарында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Dena (Deutsche Energie-Agentur) Германия агенттігінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында энергетика саясаты, қала құрылысы және энергия тиімділігі саласындағы негізгі мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында энергетика мә-селелері бойынша пікір алмасу өтіп, қатысушылар осы саладағы перспективалар мен өзекті мәселелерді қарастырды. Ерекше назар энергия тиімділігі саласында жоспарлау мен талдауды жақсартуға арналған интерактивті картаны әзірлеу мен енгізуге аударылды. Сонымен қатар, Германияның заңнамалық тәжірибесі қарастырылып, энергия үнемдеу және тұрақты құрылыс үшін тиімді нормативтік актілерді әзірлеу мәселесі талқыланды. Германиялық сарапшылар декарбонизация мақсаттарын жүзеге асыру стратегиясына қатысты ұсыныстарын білдіріп, Энергетикалық концепцияның мақсаттарына жету үшін бірнеше тәсілдердің бірігуінің маңыздылығын атап өтті. Әсіресе, тұрақты заңнамалық негіздерді құруға бағытталған сенімді әкімшілік нормаларды әзірлеудің қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінді.

Сондай-ақ, 2024 жылғы ғимараттардағы энергия тиімділігі туралы заңға (GEG 2024) назар аударылды, ол жаңа және қолданыстағы ғимараттардың энергетикалық сапасын, соның ішінде олардың жаңғыртылуын реттейді.

Бұдан бөлек, энергетикалық инфра-құрылымды жақсартуға бағытталған Felicity II жобасын жүзеге асыру мүмкіндіктері және жобалық офис құру мәселелері қаралды.

Тараптар энергия тиімділігі, тұрақты құры-лыс және энергетика саласындағы халықара-лық жобалар бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қызығушылық білдірді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

 

Сотрудничество в области энергоэффективности: состоялась встреча с представителями Dena в Казахстане

10 января 2025

10 января 2025 года в Министерстве промышленности и строительства РК состоялась встреча с германскими представителями Dena (Deutsche Energie-Agentur), на которой были обсуждены ключевые вопросы в области энергетической политики, градостроительства и энергоэффективности.

В ходе встречи был проведен диалог по вопросам энергетики, в рамках которого участники обсудили перспективы и актуальные вызовы в этой сфере. Особое внимание было уделено разработке и внедрению интерактивной карты, предназначенной для улучшения планирования и анализа в сфере энергоэффективности.

Также был рассмотрен опыт Германии в области законодательства, особенно в контексте создания эффективных нормативных актов для энергосбережения и устойчивого строительства. Германские эксперты представили рекомендации по стратегии реализации целей декарбонизации, подчеркнув важность объединения нескольких подходов для достижения целей Энергетической концепции. В частности, внимание было акцентировано на необходимости разработки надежных административных норм, которые создают устойчивые законодательные рамки.

Особое внимание было уделено Закону о энергоэффективности в зданиях (GEG 2024), который регулирует энергетическое качество как новых, так и существующих зданий, в том числе при их модернизации.

Кроме того, были обсуждены возможности реализации Проекта Felicity II, направленного на улучшение энергетической инфраструктуры, а также создание Проектного офиса.

Стороны выразили заинтересованность в дальнейшем углублении сотрудничества в сфере энергоэффективности, устойчивого строительства и международных проектов в энергетической сфере.

Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК