Қанат Шарлапаев қала құрылысы саласындағы «Think tank» форматында сарапшылар қауымдастығымен кездесу өткізді

18 қаңтар 2025

Бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың «Think tank» форматында қала құрылысы саласындағы сарапшылар қауымдастығымен кездесуі өтті.

«Алматыгенплан» ҒЗИ» ЖШС бас директоры Асхат Садуов, Almaty Management University Президенті Асылбек Қожахметов, AlmaU ректоры Гүлнара Куренкеева, «Болашақ қалалары» Ғылыми-білім беру орталығының академиялық директоры Сергей Мурунов баяндама жасады.

С. Мурунов аумақтық-кеңістіктік жоспарлауды дамытудың және тиімді басқарудың негізгі құралы ретінде айтты. Сонымен қатар, ол орталықтың «Қазақстан үшін жеделдетілген технологиялық әртараптандыру және жаңа индустриялық саясат стратегиясын әзірлеу» ғылыми-зерттеу жобасын таныстырды.

А. Садуов қалаларды жоспарлау теориясына тоқталды. Ол қала құрылысы тұжырымдамаларын әзірлеуде әлемдік тәжіри-бені пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Г. Куренкееваның баяндамасы жаңа өнер-кәсіптік саясат, аумақтар мен өңірлерді дамыту тұжырымдамасы тақырыбына арналды.

Кездесу барысында аумақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін қала құрылысының үздік әлемдік тәжірибесін қолдану тәсілдері талқыланды. Сондай-ақ, қала құрылысының басымдықтары, аумақтық және өнеркәсіптік саясатпен үйлесімді аймақтық даму тұжырымдамасы да талқыланды.

«Think tank» форматында сарапшылар қауымдастығымен кездесу Қазақстанның тұрақты дамуы мен инфрақұрылымын жаңғыртуға, сондай-ақ құрылыс саласының өзекті мәселелерін шешуге ықпал етудегі маңызды қадам болып табылады.

Think tank – қала құрылысы саласын реформалау мақсатында сарапшылардан кері байланыс жинау әдісі. Жаңа біртұтас қала құрылысы саясатын қалыптастыру үшін осындай кездесулер сериясын өткізу жоспарлануда.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

 

Канат Шарлапаев провел встречу с экспертным сообществом в формате «Think tank» в сфере градостроительства

18 января 2025

Сегодня состоялась встреча Министра промышленности и строительства Каната Шарлапаева с экспертным сообществом в сфере градостроительства в формате «Think tank».

С докладами выступили Генеральный директор ТОО «НИИ «Алматыгенплан» Асхат Садуов, Президент Almaty Management University Асылбек Кожахметов, ректор AlmaU Гульнара Куренкеева, академический директор Научно Образовательного Центра МФТИ «Города будущего» Сергей Мурунов.

С. Мурунов рассказал о территориально-пространственном планировании как ключевом инструменте развития и эффективного управления. Также представил научно-исследовательский проект центра «Разработка стратегии ускоренной технологической диверсификации и новой промышленной политики Казахстана.

А. Садуов рассказал о теории планирования территории городов. Он подчеркнул важность использования глобального опыта при разработке градостроительных концепций.

Доклад Г. Куренкеевой был посвящен теме новой промышленной политики и концепции развития территорий и регионов.

В ходе встречи рассмотрены подходы применения лучших мировых практик в градостроительстве, обеспечивающие устойчивое развитие территории. Также обсуждались такие вопросы, как приоритеты развития городов, концепция развития территории и регионов в синергии с промышленной политикой.

Встреча с экспертным сообществом в формате «Think tank» является важным шагом в продвижении устойчивого развития и модернизации инфраструктуры Казахстана, а также в решении актуальных проблем строительной отрасли.

Think tank – метод по сбору обратной связи от экспертов в целях реформирования градостроительной отрасли. Планируется проведение ряда подобных встреч для формирования новой единой политики градостроительства.

Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК