Қазақстан мен ЕИБ коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды талқылады
30 қаңтар 2025
29 қаңтарда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі мен Еуропалық инвестициялық банк (ЕИБ) және Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) FELICITY II жобасының өкілдері арасында жұмыс кездесуі өтті. Қанат Шарлапаев халықаралық серіктестермен еліміздің коммуналдық секторын жаңғырту перспективаларын талқылады.
Басты назар сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңарту, оның ішінде заманауи тазарту құрылыстарын салу мәселелеріне аударылды. Коммуналдық инфрақұрылымның тозуы қомақты инвестиция мен озық технологияларды қажет етеді, сондықтан кездесу қатысушылары ресурстарды тиімді басқару үшін цифрлық шешімдерді енгізу мен қаржыландырудың ықтимал нұсқаларын қарастырды.
Еуропалық инвестициялық банк Қазақстандағы басым инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға дайын екенін растады.
Нәтижесінде тараптар инфрақұрылымның ағымдағы жағдайына бірлескен талдау жүргізуге, қаржыландыру тетіктерін әзірлеуге және коммуналдық секторды жаңғырту бойынша пилоттық жобаларды дайындауға келісті. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қоршаған ортаға түсетін салмақты азайту мақсатында халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты жалғастырады.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі
Казахстан и ЕИБ обсудили модернизацию коммунальной инфраструктуры
30 января 2025
29 января прошло рабочее совещание Министра промышленности и строительства РК с представителями Европейского инвестиционного банка (ЕИБ) и проекта FELICITY II Германского общества по международному сотрудничеству (GIZ). Канат Шарлапаев обсудил с международными партнерами перспективы модернизации коммунального сектора страны.
Основное внимание уделили вопросам обновления систем водоснабжения и водоотведения, включая строительство современных очистных сооружений. Износ коммунальной инфраструктуры требует значительных инвестиций и передовых технологий, поэтому участники встречи рассмотрели возможные варианты финансирования и внедрения цифровых решений для эффективного управления ресурсами.
Европейский инвестиционный банк подтвердил свою готовность поддержать приоритетные инфраструктурные проекты в Казахстане.
В результате стороны договорились провести совместный анализ текущего состояния инфраструктуры, разработать механизмы финансирования и подготовить пилотные проекты по модернизации коммунального сектора. Министерство промышленности и строительства продолжит сотрудничество с международными партнерами, чтобы улучшить качество коммунальных услуг и снизить нагрузку на окружающую среду.
Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК