Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтті

6 ақпан 2025

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде өнеркәсіп, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, геология және жер қойнауын пайдалану сала-ларындағы 2024 жылғы жұмыс қорытындылары шығарылып, ағымдағы жылға арналған міндеттер белгіленді.

Отырыс барысында Министр Қанат Шарлапаев, сондай-ақ вице-министрлер Қуандық Қажкенов, Жәннат Дүбірова, Иран Шархан және Олжас Сапарбеков баяндама жасады.

Сондай-ақ отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Энергетика, көлік, экология және табиғи ресурстар, қорғаныс министрлерінің орынбасарлары, облыс әкім-дерінің орынбасарлары, облыстық кәсіпкерлік басқармаларының басшылары, сондай-ақ Министрлік жетекшілік ететін сала ұйымдары мен компанияларының өкілдері шақырылды.

Алқа отырысын ашқан министр Қанат Шарлапаев 2024 жылдың соңына қарай өңдеуші өнеркәсібі мен тұрғын үй құрылысында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін атап өтті. Мәселен, өңдеуші өнеркәсібіндегі өнім көлемі металлургия (+6,9%), машина жасау (+9,7%), химия (+7,7%) және басқа да салалардағы өсім есебінен 5,9%-ға өсті.

«Мұндай өсім соңғы бес жылда бірінші рет болып отырғанын айта кеткен жөн. 2024 жылы шамамен 1,3 трлн теңгені құрайтын 180 жоба іске қосылып, 14,4 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды. Жыл қорытындысы бойынша құрылыста оң нәтижелерге қол жеткізілді. Соңғы он жылда тұрғын үй құрылысының рекордтық көлемі байқалды. Жоспар бойынша 18 млн шаршы метр болғанымен, 18,9 млн ш.м. метр жаңа тұрғын үй салынды, бұл 172 мыңнан астам үйді құрайды (нақты тұрғын үй көлемінің индексі – 106,4%)», – деді министр.

Вице-министр Олжас Сапарбеков өнеркәсіптік сектордағы қызметтің негізгі көрсеткіштерге толығырақ тоқталды.

2024 жылы түсті металлургия секторындағы көрсеткіштердің ұлғаюы мысты толлинг көлемінің және мыс зауыттарындағы өндірістің ұлғаюымен қамтамасыз етіледі. Еліміздегі түсті металл өңдеу секторы жыл сайын оң өсу динамикасын көрсетті. 2024 жылы отандық өндірушілер мыс өңдеуді 16,5%-ға, алюминийді 9,6%-ға, мырышты 33%-ға, қорғасынды 4,6%-ға ұлғайтты.

Бұл металдарды өңдеу кабель және сым бұйымдары, терезелер, есіктер, витраждар, арматура, аккумуляторлар және т.б секілді қосымша құны жоғары тауарларды өндіруге бағытталған.

Химия өнеркәсібінде минералды тыңайтқыштар (азот, фосфор) өндірісін 25%-ға, полипропиленді 46%-ға және сары фосфорды 13%-ға арттыру есебінен өндіріс көлемі 3%-ға өседі деп күтілуде.

Вице-министр 2024 жылы машина жасау өндірісінің көлемі 9,7%-ға артқанын атап өтті. 2025 жылы 5%-дық өсім күтілуде. 2024 жылдың соңына қарай жеңіл автокөліктердің 134 мыңнан астам данасы өндірілді, оның 23 мыңы СКД талаптарына сәйкес келеді. Биыл 149 мың дана өнім шығару жоспарланған. 2025 жылдың соңына дейін жинақтаушы бұйымдарды өндіру жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда, оның нәтижесі шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

«Автомобиль секторын дамыту локализацияны тереңдету және құрамдас база өндірісін игеру есебінен жоспарлануда. Бұл мультимедиялық жүйелерді шығаратын зауыт іске қосылып, Алматы қаласында жоспарланған автокреслолардың сериялық өндірісін іске қосу арқылы жүзеге асырылады», – деді О.Сапарбеков.

Вице-министр Қ. Қажкенов тұрғын үй құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды .

«Тұрғын үй секторында мемлекеттік тұрғын үйді қолдау шаралары халықтың әлеуметтік осал топтарына жалға берілетін тұрғын үй және кезекте тұрғандарға несиелік тұрғын үй беру түрінде қолданылады. 2024 жылдың соңына дейін тұрғын үй құрылысын ынталандыруға барлығы 893,5 млрд теңге бөлінді », – атап өтті вице-министр.

Сондай-ақ ол министрлік құрылыс салушыларға қойылатын талаптарды азайтуға және жағдайды жақсартуға, үлестік қатысудың тартымдылығын арттыруға және құрылыс нарығында тең жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар әзірленгенін айтты. Бұл тәсілдер Мәжілісте қаралып жатқан Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды жақсарту туралы заң жобасында қарастырылған .

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасы аясында 2025 жылы 290 млрд теңгеге 11 мың қарыз беру жоспарлануда. Бұл бағдарлама бойынша бастапқы жарна 20%-дан 10%-ға дейін төмендейді.

Президент бастамасымен қолға алынған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында техникалық мамандарды қолдау шараларын жүзеге асыру мақсатында «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосу жоспарлануда. Бастапқы жарна 10% құрап, бұл бағдарлама бойынша 72 миллиард теңге сомасына 2,4 мың несиесі беріледі.

Вице-министр И. Шархан өткен жылы 23 қатты пайдалы қазба кен орны алғаш рет мемлекетке тіркелгенін айтты. Барлау нәтижелері бойынша алтын қорының ұлғаюы 20 тоннаны, мыс – 48 мың тоннаны, хром – 464 мың тоннаны, қорғасын мен мырыш – 290 мың тоннаға жуықты құрады.

«Министрлік жер қойнауын мемлекеттік геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеудің өңірлік жұмыстарының нәтижесінде қатты пайдалы қазбалар бойынша перспективалы 38 учаске анықталды. Олардың арасында сирек кездесетін металдар, бериллий, қоңыр көмір, алтын, цирконий, ниобий және вольфрам бар », – деді Иран Шархан.

Геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру және жаңа кен орындарын ашу мақсатында заңнамалық реформа жүргізіліп, геологиялық барлау учаскелеріне қолжетімділіктің қолдану қағидаты белгіленген «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс қабылданды. Қабылданған заңнамалық және әкімшілік шаралар секторда ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын бастауға әкелді. Бүгінгі таңда барлауға 3000 лицензия берілді.

Вице-министр Қазақстанға жаңа компаниялар мен әлемдік алпауыттардың келгенін айтты, соның ішінде: Fortescue, Barrick, BHP, First Quantum Minerals және т.б. Мемлекетте жұмыс істеп жатқан Rio Tinto мен отандық компаниялар іздеу алаңдарын кеңейтті. Тек он шетелдік компания геологиялық барлауға 41 млрд теңгеге жуық инвестиция салуды жоспарлайды, бұл 25 мың км² астам аумақтарды барлауды қамтамасыз етеді.

1:200 000 масштабтағы жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар 2026 жылдың соңына дейін Қазақстан аумағын 2,2 млн ш. км. дейін геологиялық-геофизикалық барлаумен қамтуға қол жеткізуге бағытталған. 2024 жылдың соңында бұл көрсеткіш 2014,4 мың ш. км. дейін өсті. Министрлік 2025 жылы оны 2 038,2 мың ш.км. жеткізуді жоспарлап отыр. 3 жылға қаржыландыруға арналған бұл жұмыстардың жалпы сомасы 20 млрд теңгеден асады.

Вице-министр Ж. Дүбірова министрліктің салаларын цифрландыру жобалары туралы айтты. Оның ішінде 2025 жылдың 1 қаңтарында іске қосылған Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы. Барлауға немесе өндіруге өтінім беруден бастап оның аукционына және лицензияны беруге дейін цифрлық форматта үздіксіз процесті жүзеге асырылды.

Бүгінгі таңда Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы 22 мемлекеттік қызмет электронды түрде қолжетімді. Табиғи ресурстардың Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының интерактивті картасы арқасында әлеуетті жер қойнауын пайдаланушылар инфрақұрылымнан бастап геологиялық-геофизикалық есептерге дейін сұралған аумақтың толық бейнесін алады.

«Егер бұрын жер қойнауын пайдаланушы әкімдіктерге, министрлікке барып, делдал іздеп, келіссөздер жүргізу керек болса, енді барлығын қажетсіз қағазбастылықсыз онлайн режимінде алуға болады. Біз барлауға немесе өндіруге өтінім беруден бастап оның аукционына және лицензияны беруге дейін цифрлық форматта үздіксіз процесті жүзеге асырдық», – атап өтті вице-министр.

Интерактивті карта – маңызды элемент. Ол жер қойнауын пайдалану үшін алынған барлық аумақтарды қамтиды, сондай-ақ аукционға шығарылатын учаскелерді орналастыруға мүмкіндік береді. Енді инвесторлар да делдалсыз тікелей порталға кіріп, қалаған сайтты таңдап, аукционға қатысуға өтінім бере алады. Сонымен, ағымдағы жылдың қаңтарында 21 учаскеге электронды аукцион өткізілді, инвестиция көлемі 40 млн долларды құрады.

Одан бөлек, жасанды интеллект енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол геологиялық ақпаратты танып қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі сипаттамаларды талдап, Big Data негізінде Қазақстандағы кен орындары мен пайдалы қазбалардың болжамды үлгілерін жасайды. Сондай-ақ Ж. Дүбірова Бірыңғай тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық платформасын құру жұмыстары туралы айтты. Бұл Бірыңғай есеп айырысу орталығы, Пәтер иелерінің кооперативі және т.б. сияқты жеке дерекқорлардың, сондай-ақ мемлекеттік деректер қорларының ақпараттарының агрегаторы.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

 

В МПС РК прошло расширенное заседание коллегии

6 февраля 2025

Сегодня в Министерстве промышленности и строительства РК под председательством первого заместителя премьер-министра Романа Скляра состоялось расширенное заседание коллегии, в ходе которой подведены итоги работы в сфере промышленности, строительства и ЖКХ, геологии и недропользования за 2024 г и обозначены задачи на текущий год.

В ходе заседания с докладом выступили Министр Канат Шарлапаев, а также вице-министры Куандык Кажкенов, Жаннат Дубирова, Иран Шархан и Олжас Сапарбеков.

Также на заседание приглашены депутаты Мажилиса Парламента РК, вице-министры энергетики, транспорта, экологии и природных ресурсов, обороны, заместители акимов областей, руководство региональных управлений предпринимательства, а также представители организаций и компаний курируемых Министерством отраслей.

Открывая заседание коллегии министра Канат Шарлапаев отметил значительные достижения по итогам 2024 года в сферах обрабатывающей промышленности и строительства жилья. Так, объем производства обрабатывающей промышленности вырос на 5,9% за счет роста в металлургии (+6,9%), машиностроении (+9,7%), химии (+7,7%) и в других отраслях.

«Необходимо отметить, что за последние пять лет такой рост обеспечен впервые. В 2024 году введено в эксплуатацию 180 проектов на сумму порядка 1,3 трлн тенге, создано около 14,4 тыс. постоянных рабочих мест. По итогам года в строительстве достигнуты положительные результаты. За последние десять лет обеспечен рекордный объем строительства жилья. При плане 18 млн кв. метров, построено 18,9 млн кв. метров нового жилья, это более 172 тыс. жилищ (ИФО – 106,4%)», - подчеркнул Министр.

Вице-министр Олжас Сапарбеков более подробно остановился на ключевых показателях в сфере промышленности.

Увеличение показателей в сфере цветной металлургии в 2024 году обеспечен за счет увеличения объемов толлинга по меди и производства на медных заводах. В секторе переработки цветных металлов внутри страны наблюдается ежегодная положительная динамика роста. За 2024 год отечественными товаропроизводителями увеличена переработка меди на 16,5%, алюминия на 9,6%, цинка на 33% и свинца на 4,6%.

Переработка этих металлов направлена на производство товаров с высокой добавленной стоимостью, как кабельно-проводниковая продукция, окна, двери, витражи, фурнитура, аккумуляторы и др.

В химической промышленности ожидается рост объёма производства на 3%, за счет увеличения производства минеральных удобрений (азотные, фосфорные) на 25%, полипропилена на 46% и желтого фосфора на 13%.

Вице-министр подчеркнул, что объем производства машиностроения в 2024 году вырос на 9,7%. В 2025 году ожидается рост в 5%. По итогам 2024 г. выпущено более 134 тыс. ед. легковых автомобилей, из них 23 тыс. с требованиями СКД. В текущем году панируется производство 149 тыс. ед. легковых автомобилей. До конца 2025 года планируется реализация проектов по производству компонентов, по итогам реализации, которых будет снижаться себестоимость выпускаемой продукции.

«Развитие сектора автомобилестроения планируется за счет углубления локализации и освоения производства компонентной базы. Это запущенный завод по производству мультимедийных систем, и планируемый запуск серийного производства автокресел в городе Алматы», – сказал О.Сапарбеков.

Вице-министр К.Кажкенов рассказал о проводимой работе в сфере жилищного строительства.

«В жилищной сфере применяются меры государственной жилищной поддержки в виде предоставления арендного жилья социально уязвимым слоям населения и кредитного жилья очередникам. Всего до конца 2024 года на стимулирование жилищного строительства было направлено около 893,5 млрд тенге», – подчеркнул вице-министр.

Он также добавил, что Министерством выработаны меры, направленные на улучшение условий и снижение требований к застройщикам, повышающие привлекательность долевого участия и обеспечивающие равные условия на рынке строительства. Эти подходы предусмотрены в Законопроекте по совершенствованию долевого участия в жилищном строительстве, который находится на рассмотрении в Мажилисе.

В рамках ипотечной программы «Наурыз» в 2025 году планируется выдать 11 тысяч кредитов на сумму 290 млрд тенге. В рамках данной программы первоначальный взнос будет снижен с 20% до 10%.

В целях реализации мер поддержки технических специалистов в рамках Года рабочих профессий, который инициирован Президентом, планируется запуск новой жилищной программы «Наурыз жұмыскер». Первоначальный взнос составит 10%, в рамках данной программы будет предоставлено 2,4 тыс. кредитов на сумму 72 млрд. тенге.

Вице-министр И. Шархан рассказал о том, что в прошлом году впервые были поставлены на государственный учет 23 месторождения ТПИ. По итогам разведки прирост запасов по золоту составил 20 тонн, меди – 48 тыс. тонн, хрома – 464 тыс. тонн, по свинцу и цинку – порядка 290 тыс. тонн.

«Министерством ведется работа по государственному геологическому изучению недр. В результате региональных работ государственного геологического изучения недр выявлено 38 участков перспективных на твердые полезные ископаемые. Среди которых редкоземельные металлы, бериллий, бурый уголь, золото, цирконий, ниобий и вольфрам», – сказал Иран Шархан.

В целях активизации геологоразведки и открытия новых месторождений проводилась законодательная реформа и принят Кодекс «О недрах и недропользовании», закрепивший заявочный принцип доступа к геологоразведочным территориям. Принятые законодательные и управленческие меры привели к началу масштабной геологоразведки в секторе. На сегодня выдано уже 3000 лицензий на разведку.

Вице-министр добавил, что в Казахстан пришли юниорные компании и мировые гиганты: Fortescue, Barrick, BHP, First Quantum Minerals и др. Уже присутствовавший Rio Tinto и отечественные компании расширили площади поисков. Только десятью иностранными компаниями запланированы порядка 41 млрд тг. инвестиций в геологоразведку, что обеспечит исследование площадей более чем 25 тыс. км².

Проведение работ в рамках государственного геологического изучения недр в масштабе 1:200 000 направлено на достижение охвата геолого-геофизической изученностью территории Казахстана до 2,2 млн кв. км к концу 2026 года. В конце 2024 года показатель был доведен до 2014,4 тыс. кв. км. Министерством в 2025 году запланировано увеличить его до 2038,2 тыс. кв. км. Общая сумма этих работ финансирования на 3 года составляет более 20 млрд. тенге.

Вице-министр Ж. Дубирова рассказала о проектах по цифровизации отраслей Министерства. В том числе о запущенной 1 января 2025 года Единой платформе недропользования. В цифровом формате реализован бесшовный процесс от подачи заявки на разведку или добычу до ее аукциона и выдачи лицензии.

На сегодня 22 государственные услуги в сфере геологии и недропользования доступны в электронной форме через ЕПН. Благодаря интерактивной карте ЕПН потенциальные недропользователи получают полную картину о запрашиваемом участке, начиная от инфраструктуры, заканчивая геологическими и геофизическими отчетами.

«Если раньше недропользователю надо было ходить в акиматы, в Министерство, искать посредников и договариваться, то сейчас без лишней волокиты все доступно в онлайн режиме. Мы реализовали в цифровом формате бесшовный процесс от подачи заявки на разведку или добычу до ее аукциона и выдачи лицензии», – подчеркнула вице-министр.

Важным элементом является интерактивная карта. Она содержит все участки уже занятые под недропользование, а также позволяет размещать участки доступные для аукционов. Теперь инвесторам тоже можно напрямую без посредников зайти на портал, выбрать нужный участок и подать заявку на участие в аукционе. Так, в январе т.г. проведен электронный аукцион на 21 участок, на сумму инвестиций в размере 40 млн долларов.

Кроме того, ведется работа по внедрению искусственного интеллекта, который позволит не только распознавать геологическую информацию, но и анализировать различные характеристики и создавать прогнозные модели о месторождениях и полезных ископаемых на территории Казахстана на основе Big Data.   Также Ж. Дубирова рассказала о работе над созданием Единой платформы ЖКХ. Это агрегатор данных из частных баз данных, например таких как ЕРЦ, КСК и так далее, а также из государственных баз данных.

Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК