Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрлық трансформациялаудың ауқымды кезеңі басталды
25 қыркүйек 2025
Бүгін Шымкент қаласында өткен «Су инфрақұрылымын басқарудың жаңа үлгісі ретінде цифрлық құралдар» атты республикалық семинар аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ-мен, қала әкімдігімен, табиғи монополия субъектілерімен және су бұру мен сумен жабдықтау операторымен бірлесіп, цифрлық технологияларды ұлттық деңгейде енгізу мәселесін талқылады.
«Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қазақстанда жаңа кезең басталды – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында заманауи есепке алу және басқару технологияларын кең көлемде енгізу. Жобаның мақсаты – есептіліктің нақтылығын арттыру, энергия тиімділігін қамтамасыз ету, есеп айырысудың ашықтығын күшейту және коммуналдық саладағы шығындарды азайту.
«Ұлттық жоба аясында есептегіш құралдар өндірушілері, ақпараттық қауіпсіздік сарапшылары, байланыс операторлары, әкімдіктер және табиғи монополия субъектілері кірген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Бұл нормативтік актілерге де, кәсіпорындардың өз деңгейінде де өзгерістер енгізуді қажет ететін кешенді жұмыс», – атап өтті өз баяндамасында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова.
Вице-министр Қазақстан бүкіл ел көлемінде смарт-технологияларды енгізуді жоспарлап отыр: интеллектуалды есептегіш құралдары, ТПБАЖ және жасанды интеллект су және энергия желілерін басқаруда адами факторды азайтуға бағытталтынын атап өтті. Күтілетін нәтиже – жасанды интеллектті пайдалану апаттылықты төмендетуге, су мен энергия шығынын 15–30%-ға қысқартуға, сондай-ақ инфрақұрылымның қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді
Жоба аясындағы жұмыстардың негізгі бағыттары:
Реформаның басты мақсаты – азаматтар, бизнес және мемлекет үшін есеп айырысудың ашықтығын, коммуналдық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі
Запускается масштабная цифровая трансформация жилищно-коммунального хозяйства
25 сентября 2025
Сегодня в г. Шымкент в рамках республиканского семинара «Цифровые инструменты как модель нового управления водной инфраструктурой» Министерство промышленности и строительства РК совместно с АО «Казахстанский центр модернизации и развития жилищно-коммунального хозяйства», акиматом города, субъектами естественных монополий и оператором водоснабжения и водоотведения обсудили внедрение цифровых технологий в национальном масштабе.
В рамках национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов» в Казахстане стартовал новый этап – масштабное внедрение современных технологий учета и управления в ЖКХ. Проект направлен на повышение точности учета, энергоэффективности, прозрачности расчетов и снижение потерь в коммунальной сфере.
«В рамках национального проекта создана рабочая группа по цифровизации ЖКХ, куда вошли производители приборов учета, эксперты по информационной безопасности, операторы связи, акиматы и субъекты естественных монополий. Это большая комплексная работа, требующая изменений как в нормативных актах, так и на уровне самих предприятий», — подчеркнула в своем докладе Жаннат Дубирова, вице-министр промышленности и строительства РК.
Вице-министр отметила, что в Казахстане планируется внедрить умные технологии в масштабах всей страны: интеллектуальные приборы учета, АСУТП и искусственный интеллект для снижения человеческого фактора в управлении водо- и энергосетями. Ожидается, что использование ИИ позволит сократить аварийность, уменьшить потери воды и энергии на 15–30%, а также продлить срок службы инфраструктуры.
Основные направления работы в рамках проекта:
Главная цель реформы — обеспечить прозрачность расчетов, повышение качества и доступности коммунальных услуг для граждан, бизнеса и государства.
Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК