Қазақстанның қолжетімді және тұрақты тұрғын үй саласындағы тәжірибесі Женевада өткен БҰҰ ЕЭК семинарында таныстырылды

9 қазан 2025

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруа-шылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков Женевада (Швейцария) БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының қалалық даму, тұрғын үй және жер ресурстарын пайдалану мәселелеріне арналған 86-сессиясы аясында өткен қолжетімді және тұрақты тұрғын үй тақырыбындағы семинарға қатысты.

Семинар барысында қатысушы елдердің өкілдері азаматтарды қолжетімді және тұрақты тұрғын үймен қамтамасыз ету саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерді, тұрғын үй саясатын жаңғырту, тұрғын үй қорының энергия тиімділігін арттыру, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының қаржыландыру тетіктерін жетілдіру мәселелерін талқылады.

Бақытжан Жүнісбеков тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру мен тұрақты қалалық ортаны дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың басым бағыттары мен ағымдағы бастамалар туралы баяндады. Семинарға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Тұрғын үй қатынастары басқармасының басшысы Әсем Әлжанова қатысты.

Қазақстан делегациясының БҰҰ ЕЭК іс-шарасына қатысуы шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға, тиімді тетіктерді ұлттық тұрғын үй саясатына енгізуге және қалаларды тұрақты дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

 

Казахстан представил свой опыт в сфере доступного и устойчивого жилья на семинаре ЕЭК ООН в Женеве

9 октября 2025

Председатель Комитета по делам строительства и ЖКХ, МПС РК Бакытжан Жунисбеков принял участие в семинаре, посвящённом доступности и устойчивости жилья, проходящем в рамках 86-й сессии ЕЭК ООН по вопросам городского развития, жилищного хозяйства и землепользования в Женеве (Швейцария).

В ходе семинара представители стран-участниц обсудили передовые международные практики обеспечения граждан доступным и устойчивым жильем, вопросы модернизации жилищной политики, повышения энергоэффективности жилого фонда, а также внедрение инновационных инструментов финансирования жилищного строительства.

Бакытжан Жунисбеков представил текущие инициативы и приоритетные направления государственной политики в сфере жилищного строительства, направленные на повышение доступности жилья и развитие устойчивой городской среды. В семинаре приняла участие руководитель Управления жилищных отношений Министерства промышленности и строительства РК Асем Альжанова.

Участие делегации Казахстана в мероприятии ЕЭК ООН способствует обмену опытом с зарубежными партнёрами, внедрению эффективных механизмов в национальную жилищную политику и укреплению международного сотрудничества в сфере устойчивого развития городов.

Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК