ТК-55
Стандарттау жөніндегі №55 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс» техникалық комитеті
ТЕХНИКАЛЫҚ КОМИТЕТ ТУРАЛЫ
Стандарттау жөніндегі №55 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс» техникалық комитеті - саланың бас жобалау ұйымы – "KAZGOR" жобалау академиясы негізінде ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілерінің ерікті қатысу қағидаты бойынша құрылған тұрақты консультативтік-кеңесші орган.
ҚЫЗМЕТ САЛАСЫ
TК 55-те халықаралық стандарттар жіктеуішінің (МКС) 42 коды бойынша стандарттау нысандары бекітілген.
- Негізгі құрылыс терминологиясы.
- Құрылысқа арналған жобалық құжаттамаға қойылатын талаптар.
- Ғимараттарды салу және жобалау саласындағы талаптар.
- Жылу оқшаулауға және ғимараттарда энергияны пайдалануға қойылатын талаптар.
- Құрылыс жұмыстарына арналып, ғимараттар мен құрылысжайлардың барлық түрлеріне қолданылатын уақытша жабдықты әзірлеуге, есептеуге, сынақтан өткізуге және өндіруге қойылатын негізгі талаптар.
- Техникалық талаптарды қарастырып есіктерге, есік блоктарына, терезелерге және көтермейтін қабырғаларға, дайындалатын бұйымдардың өлшемдері мен сынақ жүргізу әдістеріне қойылатын талаптар.
- Сумен жабдықтау, канализация және ақаба суларды тазарту жүйелерін жобалау, салу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету талаптары.
- Құрылыс конструкциялары мен ғимараттардың акустикалық қасиеттеріне қойылатын талаптар.
- Жылыту, желдету және ауа баптау жүйелерін жобалау, салу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету талаптары.
- Жартасты және тастақты топырақтардың қасиеттеріне байланысты ғимараттар мен құрылысжайларды салу саласындағы негізгі геотехникалық аспектілер.
БАСШЫЛЫҚ
TК төрағасы – Қонысбаев Айдар Байғожаұлы – «KAZGOR» жобалау академиясы» ЖШС-ның ғылым және нормативтер жөніндегі вице-президенті.
Жауапты хатшы – Менешева Арайлым Амандыққызы – «KAZGOR» жобалау академиясы» ЖШС-ның стандарттау жөніндегі аға инженері.
TК 55-ке мүше ұйымдар
- «Қазақстан Республикасының сәулетшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі.
- "KAZGOR" жобалау академиясы" ЖШС
- «KAZGOR» жобалау академиясының Астана қаласындағы филиалы.
- «Қазақстан Республикасы жобалаушыларының ұлттық қауымдастығы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің республикалық бірлестігі.
- ҚР ТЖМ «Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту ұлттық орталығы» АҚ.
- «Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі.
- «Имсталькон» АҚ.
- «ORTA» ЖШС.
- «Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі.
- «КарагандаГИИЗ и К*» ЖШС.
- «Семстройпроект» ЖЗИ» ЖШС.
- «Госградкадастр» РМК.
- «Халықаралық білім беру корпорациясы» ЖШС (ҚазБСҚА).
- «Global Fire Protection» ЖШС.
- «Каспий қоғамдық университеті» БМ.
- «Астанагенплан» ҒЗЖИ» ЖШС.
- «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ (ЕҰУ).
- Алматыдағы Қазақ-Неміс университеті (ҚНУ).
- « Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-зерттеу техникалық университетінің Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты Құрылыс және құрылыс материалдары кафедрасы.
(Толық ақпарат 1-қосымшада)
ЕРЕЖЕ-
Стандарттау жөніндегі №55 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс» техникалық комитеті туралы 09.07.2013 жылғы ереже
- Жалпы ережелер
- Бекітілген стандарттау нысандары
- TК құрылымы мен құрамы
- TК функциялары
- Лауазымды тұлғалардың функциялары мен жауапкершіліктері
- Жұмыстарды қаржыландыру
- ТК-ны жою
- А қосымшасы - Стандарттау жөніндегі № 55 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс» техникалық комитетінің құрылымы, құрамы және өзара әрекеттесу механизмі
- Б қосымшасы - Стандарттау жөніндегі № 55 «Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс» техникалық комитеті құрамының тізімі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" 09.11.2004 № 603-II Заңына сәйкес Стандарттау жөніндегі № 55 «Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс» техникалық комитетінің құрамына, функцияларына, қызмет саласына, құрылымына, қаржыландыру жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді.
(Толық ақпарат 2-қосымшада)
TК55-ке қосылу үшін субъектілердің өтінім беру тәртібі
Техникалық комитет (TК) құрамына қосылу үшін TК төрағасының атына жазбаша өтінім жіберіп, толтырылған өтінімді қосымша беру керек.
(Толық ақпарат 3-қосымшада)
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
TК 55-тің негізгі ұйымы
050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 81
Байланыс
Жазылым бойынша сұрақтар бойынша мына телефондар бойынша хабарласыңыз
