0

0

Научные конференции под «ключ»

Тапсырыспен ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру және өткізу

 

Конференция - өзекті мәселелер мен инновациялық жобаларды талқылау үшін әртүрлі немесе сабақтас салалардағы кәсіби мамандарды біріктіруге мүмкіндік беретін қоғамдық маңызы бар іс-шара. Сапалы өткізілген конференция іс-шара бастамашысының имиджіне тікелей әсер етеді және кәсіби қоғамдастықтың, әлеуетті серіктестер мен клиенттердің назарын аударады.

 

Біздің командамыздың ғылыми және/немесе ғылыми-практикалық сипаттағы халықаралық, республикалық немесе өңірлік іс-шараларды сапалы ұйымдастыру және олардың мақсаттарына тиімді қол жеткізу үшін зияткерлік және материалдық-техникалық қоры бар. Біз өткізген іс-шаралардың жоғары кәсіби деңгейін серіктестеріміз растайды (ҚР ҰҒА, ҚР Ұлттық жобалаушылар қауымдастығы, ҚазСтандарт, ҚазҚСҒЗИ, ҚазБСҚА).

 

Егер сіз конференцияны жоспарлау барысында кәсіби көмекке мұқтаж болсаңыз, біз өз қызметтерімізді ұсынамыз және іс-шараны ұйымдастыру және өткізу қамын өз мойнымызға аламыз.

 

Жұмысты бастау үшін келесі ақпаратты беру жеткілікті:

1. Конференцияның жорамал тақырыбы және мәртебесі;

2. Мақсатқа сай қатысушылар;

3. Жоспарланған күні мен өтетін орны;

4. Болжалды өткізу форматы;

5. Ұйымдастыру комитетінің құрамы (бар болса) туралы ұсыныс;

6. Шақырылатын спикерлер кандидатуралары (бар болса).

 

Дайындық барысының ұзақтығы оқиғаның ауқымына және жарияланған тақырыптарға байланысты (3 айдан бір жылға дейін).

Қызмет көрсету талаптарын талқылау

үшін +7 727 279 61 60 (жұмыс күндері 8.00 -ден 17.00 -ге дейін), +7 701 766 2167 (WhatsApp-ты пайдалана аласыз) телефонына қоңырау шалыңыз, conference@kazgor.kz адресіне жазыңыз немесе Алматыдағы Абылай хан даңғылы, 81 мекенжайындағы 210-кабинетке келіңіз

Байланыс

Жазылым бойынша сұрақтар бойынша мына телефондар бойынша хабарласыңыз

ТрубкаТелефондар
ТрубкаE-mail