0

0

Справочно-информационные услуги

Анықтама, ақпарат және кеңес беру қызметтері

  

Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен өзге де құжаттарды әзірлеу және сату бойынша тәжірибесі мол «KAZGOR» жобалау академиясы төмендегі құжаттардың талаптарын түсіндіру және жарамдылығы туралы ақпарат беру үшін анықтама, ақпарат және кеңес беру қызметтерін (ААҚ қызметі) ұсынады:

• басшылық құжаттар, құрылыс нормалары мен ережелері

  (ҚР ҚБҚ, ҚР ҚН, ҚР ҚНжЕ, ВҚН және т.б.)

• ұлттық және мемлекетаралық стандарттар (ҚР СТ, ГОСТ)

• мемлекетаралық құрылыс нормалары мен құрылыстағы ережелер жинақтары (МҚН, МЕЖ)

• құрылыстағы баға белгілеу және смета құжаттарының нормалары.

 

«KAZGOR» жобалау академиясы сонымен қатар

Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы үлгілік жобалау құжаттамасы туралы ақпарат беру қызметін ұсынады.

 

ААҚ қызметтері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің жазбаша сұранысы бойынша немесе шарт негізінде көрсетіледі.

.

Орындау мерзімі – бір реттік жазбаша сұраныс жағдайында төлемді алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде немесе шарт талаптарына сәйкес

 

Жұмыс түрлері мен қызметтер, жазбаша жауаптар беру арқылыҚиындық категориясы

Архитектура, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар туралы ақпаратты ұсыну:

- Құжаттардың қолданылуы бойынша (құжаттарды, каталогтарды, тізімдерді, ақпараттық бюллетеньдерді іздеу және т.б.);

- Мемлекеттік және халықаралық нормативтерге қатысты (РДС РК, СН РК, СНиП РК, МСН, МСП, ВСН, СТ РК, ГОСТ және т.б.) олардың әрекет ету мерзімі, ауыстыру, өзгерістер енгізу бойынша ақпарат беру;

- Типтік құжаттама туралы ақпарат беру (каталогтар, типтік жобалар, конструкциялар, түйіндер және бөлшектер), академия қорында және басқа көздерде (ұйымдарда) бар-жоғын көрсету.

I
Архитектура, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік-техникалық құжаттардың (РДС РК, СН РК, СНиП РК, МСН, МСП, ВСН, СТ РК, ГОСТ және т.б.) талаптары мен тармақтарын түсіндіру.II

Консультациялық қызметтер:

- Жобалық-сметалық жұмыстарды ұйымдастыруға қатысты мәселелер бойынша;

- Қазақстан Республикасында қолданылатын архитектура, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың талаптары мен тармақтарын түсіндіру, ұзақ іздестіру жұмыстарын қажет ететін жағдайларда;

- Техникалық реттеу мәселелері бойынша, соның ішінде халықаралық қабылданған нормалар мен басқа елдердің ұлттық нормалары жөнінде.

III

Байланыс

Жазылым бойынша сұрақтар бойынша мына телефондар бойынша хабарласыңыз

ТрубкаТелефондар
ТрубкаE-mail